Мамандық таңдау – жауапты қадам
Мамандық таңдау – өмірдегі ең күрделі шешімнің бірі. Өз ісіңді таңдар алдында жаныңа жақын мамандықтардың міндетін және маңызын біліп алған жөн. Мамандық жайлы толық түсінік алу үшін «Ол маман иесі не істейді?», «Оның қызметінің нәтижесі неге алып келеді?», «Маман иесі қандай жағдайда жұмыс істейді?» деген сұрақтарға жауап табу керек. Кәсіби қызметтің нәтижесі – кез келген жұмыстың негізі. Өз өміріңізде неге қол жеткізгіңіз келетіні туралы түсініктің өзі арманыңызға жетуге мүмкіндік береді. Әрине, мамандық таңдағанда маманға тек білімі мен іскерлігі ғана емес, сондай-ақ, оның қабілеті мен жеке қасиеттерін дамыту жағынан да қандай талаптар қойылатынын білу маңызды. Мұндай ақпаратты қайдан алуға болады? Өз мамандығы туралы кәсіби маман ғана жақсы айтып бере алады. Мамандық таңдау алдында кез келген жасөспірім белгілі бір мамандықтың иесінен кеңес сұрайды. Олардың өз мамандықтары туралы қызықты әңгімелері жасөспірімді қызмет саласындағы белгілі бір қызығушылықты дамытудың себепкері болуы мүмкін. Олармен қалай кездесу керек? Ең қарапайым тәсіл – ашық есік күндеріне келіп, оқушылар өздерін қызықтырған оқу орнының қызметкерлерінен тиісті ақпарат алғаны дұрыс. Соған байланысты мамандықтар туралы Жамбыл политехникалық жоғары колледжі, «Есеп және құқықтану пәндері» циклдық әдістемелік комиссия оқытушылары №12, 13, 24 және 37 мектеп оқушыларына ашық есік күнінде толық мәлімет берді.
Оқушылар колледждің материалдық-техникалық базасына экскурсия жасады, «Мамандығым – болашағым!» тақырыбында кәсіби бағдар беру мақс атында оқу орнындағы мамандықтармен таныстырды.
Ж. Аймауытов, «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» десе, Абай атамыз «Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» деп бекер айтпаған. Егеменді еліміздің болашақ маман иелері дұрыс бағытты таңдауы үшін баршамыз үлес қосқанымыз абзал.
Жанар НЫСАНБАЕВА,
Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің оқытушысы.
Ұқсас жаңалықтар
«Сапалы білім – саналы ұрпақ кепілі» атты кездесу өтті
- 24 қазан, 2024
Бар ғұмырын білімге арнаған
- 7 қазан, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді