Әлеумет
Меркіде жаңа оқу жылында қос бірдей мектеп пайдалануға беріледі
- author «Ақ жол»
- 7 маусым, 2023
- 244
Меркіде жаңа оқу жылында қос бірдей мектеп пайдалануға беріледі
Жамбыл облысы Меркі ауданында биыл қос мектеп жаңа оқу жылында пайдалануға беріледі. Мектеп құрылысы Аспара және Ақжол ауылдық округтерінде жүргізіліп жатыр.
Аспара ауылындағы мектептің іргетасы 1986 жылы қаланған. Қазіргі таңда екі ауысыммен 270 бала білім алуда. Енді ауыл оқушылары жаңа оқу жылында заманауи жабдықтармен қамтылған су жаңа мектепте білім алатын болады. Сонымен қатар мектеп жанынан жылыжай соғылып, балалардың бос уақытын тиімді пайдалану қарастырылады. Ғимаратта қазір құрылыс қарқынды жүруде.
Ақ жолдық оқушылар да енді жаңа мектепте білім алады. Мұнда 80 орындық мектеп ғимаратының құрылысы кестеге сай, еш тоқтаусыз жүріп жатыр.
Айта кету керек, Жамбыл облысында ағымдағы жылы білім саласына 317,7 млрд. теңге қаражат бөлінген.
Оған 17 білім нысанына күрделі жөндеу жүргізілетін болса, қазіргі таңда 25 жаңа нысанның құрылысы жүзеге асуда. Оның ішінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Байзақ ауданында 1200 орындық 2 мектеп, Қордай ауданында 600 орындық 2 мектеп, Тараз қаласында 5000 орындық 4 мектеп салынады.
Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Қоршаған ортаны қорғауға қоғам белсенділігі қажет
- 19 қыркүйек, 2024
Болашағын әскери саламен байланыстырған сарбаздар
- 19 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді