Қаржы басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Әкек Батырхан Базарбайұлы Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасының басшысы болып тағайындалды. Батырхан Базарбайұлы 1976 жылы Жамбыл облысы Меркі ауданында туған.
1998 жылы Қазақ ұлттық техникалық университетін «өндірісті ұйымдастыру» (менеджер) мамандығы бойынша бітірген.
Ол еңбек жолын 1998 жылы Меркі аудандық қаржы бөлімінің жетекші маманы болып бастаған.
Әр жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасының бас маманы, бөлім басшысы қызметтерін атқарған.
2011 жылғы қазаннан бастап бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасы басшысының орынбасары лауазымында еңбек етіп келді.
Ұқсас жаңалықтар
Жасөспірімдерді қылмысқа біреу итермелей ме?
- 21 сәуір, 2026
Мұғалімдер аттестациясы не үшін тоқтатылды?
- 21 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




