Н. Назарбаев шетел Елшілерінің сенім грамоталарын қабылдады
- author «Ақ жол»
- 11 желтоқсан, 2014
- 583
Бүгін Ақордада Елбасы Н.Назарбаев Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елші болып тағайындалған бірқатар шетелдік дипломаттың сенім грамоталарын қабылдады.
ҚР Президентіне Италияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Стефано Раваньян, Швеция Елшісі Кристиан Камилл, Чех елшісі Элишка Жигова, Литва елшісі Витаутас Наудужас, Мысыр елшісі Хайсам Салах Камел Ибрагим, Үндістан Елшісі Харш Кумар Джайн, Македония Елшісі Илья Псаукиров, Қытай Елшісі Чжан Ханьхуэй сенім грамотасын табыс етті. «Сіздерді дипломатиялық миссияларыңыздың ресми түрде басталуымен құттықтаймын. Бүгінгі кездесу еліміз үшін аса маңызды күн Тәуелсіздігіміздің 23 жылдығы қарсаңында өтіп отыр. Біз осы қысқа мерзімде мемлекетіміздің берік негізін қаладық. Заманауи экономика, орнықты саяси жүйе, салиқалы азаматтық қоғам орнаттық. Біз ішкі тұрақтылықты, қоғамдық келісімді қарқынды экономикалық өсім арқылы қамтамасыз еттік», — деді Мемлекет басшысы шетел дипломаттарының сенім грамоталарын қабылдағаннан кейін. Сонымен қатар ҚР Президенті Сыртқы саяси ұстаным айқындығы мен еліміздің халықаралық беделінің көтерілгенін баса айтты.
Ұқсас жаңалықтар
Тағдыршешті мәселелер қозғалды
- 22 қаңтар, 2026
Медициналық ұйымдардың жабдықталу деңгейі 92,32 пайызға жетті
- 22 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




