Облыс тұрғындарына алтыншы, жетінші желтоқсанда ауа райының күрт суытатындығы, оңтүстік батыстан секундына 25 метр екпінмен жел соғып, қалың қар жауатындығы алдын ала ескертілгені белгілі. Аталған мерзімде Шақпақ, Күйік асуларынан өтетін Алматы-Ташкент автомобиль жолында көз аштырмас дауыл мен аяз орын алды.
Осыған байланысты облыстық ІІД әкімшілік полиция басқармасы мен «Қазақавтодор» АҚ филиалы және облыстық төтенше жағдайлар департаменті бірлесіп, күн райы жақсарғанша республикалық маңызы бар жолда барлық автокөліктердің жүруіне уақытша шектеу қою жөнінде шешім шығарды.
Алтыншы желтоқсан күні кешкі сағат жетіден бастап Жуалы ауданына қар құрсауында қалғандарға көмектесу үшін апаттық-құтқару қызметтері жіберілді. Бұл жұмылдыру қызметіне облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбековтің өзі бас болып жүрді. Нәтижесінде 500-ге жуық жолаушыға дер кезінде көмек келіп және 71 автокөлік табиғаттың тосын мінезінен кедергісіз шықты. Тек сегізінші желтоқсан күні таңғы сағат сегізге жуық метеорологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты жолдар ашылып, қауіпті телімдерге тазалау және құм себу жұмыстары жүргізілді.
Шынар САҒИЕВА, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Бол риза анашым, қолдағы осы бар...
- 28 сәуір, 2026
Жарылыс салған жара әлі жазылғанжоқ
- 28 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




