Көмек қай кезде де қажет
Көмек тек апат кезінде ғана емес, басқа уақытта да ауадай қажет. Бұл қағиданы облыстың өрт сөндіруші-құтқарушылары жақсы түсінеді. Түсініп қана қоймай, мұндай игі істерден олар әркезде тыс қалмауға тырысады. Мәселен, бүгінде «төтеншеліктер» тұрмысы төмен азаматтар мен мүгедек жандарға, көпбалалы әрі аз қамтылған отбасыларға көмек қолын созып, оларға мүмкіндігінше киім-кешекпен және азық-түлікпен көмектесуді әдетке айналдырған. Мұндай шараға әр тоқсан сайын облыстың барлық аудандарында орналасқан өрт сөндіру бөлімдері мен бекеттерінің жеке құрамдары да жиі атсалысып келеді.
Жалпы, қайырымдылық шарасы қай уақытта ұйымдастырылса да, әрі қанша мәрте өткізілсе де көптік етпейтіні белгілі. Жақында облыс орталығындағы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы қала тұрғыны, бірінші топтағы мүгедектігі бар азаматқа жаздық киімдер мен бірінші қажеттіліктегі азық-түлік алып берді. Ал мүмкіндігі шектеулі азамат болса өз кезегінде от жауынгерлеріне шын жүректен алғысын жаудырды. Жарайсыңдар, еліміздің кең пейілді азаматтары!
Дайындаған Жүрсінгүл ЖАҚЫП
Ұқсас жаңалықтар
Әр естелік - желтоқсаншылардың жан сыры
- 18 желтоқсан, 2025
«Ән жазсам, таза жүректерге тамыр жаятындай етіп жазғым келеді»
- 18 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




