Профилактикалық жұмыстар жүргізілуде
Өрттің және олардан адам өлімінің алдын алу, тұрғындарды тіршілік қауіпсіздігі негіздеріне оқыту мақсатында Тараз қаласының төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері күн сайын тұрғын үй секторында өрт-алдын алу жұмыстарын жүргізуде. Негізгі мақсат – әр үй иесіне өрттің басты себебі адамның абайсыздығы екенін еске салып, жеткізу. Бұл жолы қалалық төтенше жағдайлар мамандары «Химпоселок» шағынауданындағы жеке тұрғын үй иелерімен профилактикалық әңгімелесу өткізді.
Жыл басынан бері қала аумағында 79 өрт тіркеліп, салдарынан 2 адам қаза болып, 2 адам дене күйігі жарақатын алған. Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері үй иелерінің өрт қауіпсіздігінің жай-күйін тексеріп, азаматтарға автономды өрт хабарлағышы сияқты құрылғының маңыздылығын еске салды. Құтқарушылар күнделікті өмірде қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері туралы айтып, қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін тағы да еске салатын жадынамалар мен ұсынымдар табыс етті.
Төтенше жағдайлар басқармасы тағы да еске салады: электр сымдарының жарамдылығын қадағалаңыз, электр желісін шамадан тыс жүктемеңіз және желіге қосылған электр құрылғыларын қараусыз қалдырмаңыз. Жылыту құрылғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз. Өрт болған жағдайда «101» немесе «112» телефон нөмірлеріне қоңырау шалыңыз.
Дайындаған Жүрсінгүл ЖАҚЫП
Ұқсас жаңалықтар
Әр естелік - желтоқсаншылардың жан сыры
- 18 желтоқсан, 2025
«Ән жазсам, таза жүректерге тамыр жаятындай етіп жазғым келеді»
- 18 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




