Білім басқармалары өңірлерде осы салаға қатысты мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырса, білім саласындағы бақылау департаменттері жүзеге асырылып жатқан жұмыстардың сапасын бақылайды. Екі мекеменің қызметтік міндеттері әртүрлі болғанымен, мақсаттары ортақ. Бастысы – жас ұрпаққа сапалы білім беруді қамтамасыз ету.
Облыстағы білім саласы бойынша бақылау департаменті Министрліктің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетіне бағынысты. Жуырда аталған комитеттің бұйрығына сәйкес департамент басшысы ауысты. Бақылау мекемесін басқару білім беру ісінің Құрметті қызметкері, педагогика ғылымдарының кандидаты Әли Шаймерденұлы Байтанаевқа тапсырылды.
Әли Шаймерденұлы 1956 жылы 5 қыркүйекте дүниеге келген. Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиясы институтын инженер-технолог мамандығы бойынша тәмамдаған. Аспирантураны Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университетінде оқып, педагогика ғылымдарының кандидаты деген ғылыми дәреже алған. Ол 1983-96 жылдары Жамбыл педагогикалық институтында оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, 1996-2000 жылдар аралығында М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «Педагогика және психология» кафедрасының доценті, 2002 жылы Шу қаласындағы С. Сейфуллин атындағы орта мектептің директоры болып қызмет атқарса, 2005 жылдан бері осы қаладағы облыстық білім басқармасына қарасты №10 колледжді басқарып келді. Елуден астам ғылыми-әдістемелік еңбектер мен нұсқаулықтар жазған тәжірибелі педагог – облыстық білім саласындағы бақылау департаментінің жаңа басшысы болып тағайындалды.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді