Такси жолаушысынан есірткі заты табылды
Облыстық полиция департаменті патрульдік полиция батальонының қызметкерлері есірткіні аса ірі мөлшерде сақтау дерегін анықтады. Полицейлер «Меркі-Шу-Бурылбайтал» тас жолының 260-шы шақырымында аумақты патрульдеу кезінде «Honda Accord» маркалы автокөлігін тоқтатқан. Жеңіл көліктің багаж бөлігінен жолаушы болып келе жатқан Астана қаласының 38 жастағы тұрғынына тиесілі жалпы салмағы 4 келі 700 грамм кептірілген марихуана салынған полиэтилен пакеті табылды. Ұсталған адам өз кінәсін толығымен мойындады. Оған қатысты сот қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. Бұл дерекке қатысты Қылмыстық Кодекстің 296-бабы 4-бөлігі (есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Айта кетейік, осы баптың санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.
Дайындаған Есен ӨТЕУЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Қауіпсіздік пен адам құқықтарының арақатынасы қандай?
- 13 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




