«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Болат жолдың баяны

Болат жолдың баяны
ашық дереккөз
Болат жолдың баяны

Болат жолдың бойын­дағы боямасыз өмірді тереңнен талдап жазатын қаламгерлер кемде-кем. Бұл осы саланың тамыр бүлкілін тап баса білетін жандардың ғана қолынан келетін іс болса керек. Міне, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Әбділдә Сәрсенбінің жақында ғана жарыққа шыққан «Азия мен Еуропаны жалғаған болат жол» атты кітабын оқи отырып, осындай ойға шомып отырмыз. Әрі әріптесіміздің болат жолдың бойындағы көп жылғы еңбегін шығармашы­лықпен ұштастыра білген­дігіне сүйсіндік те. Тараз қаласындағы «Сенім» баспасынан жарыққа шыққан жаңа кітап Қазақстан темір жолының 110 және Жамбыл локомотив депосының 90 жылдығына арналыпты. Онда автордың осы салада еңбек еткен жылдарда газеттерде жарияланған әртүрлі жанрдағы мақалалары топтастырылған. Кітап негізінен үш бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлімде Түркістан-Сібір магистралі мен Мойынты-Шу телімінің құрылысы және Жамбыл локомотив депосының тарихы деректер мен дәйектерге сүйене отырып жазылған дүниелер қамтылған. Сол сияқты екінші бөлімге Жамбыл жол бөлімшесіне қарасты кәсіпорындарда атқарылып жатқан сан-салалы жұмыстар жайлы мақалалар және мекеме басқарған өндіріс жетекшілерімен болған сұхбаттар енгізіліпті. Ал қарымды қаламгердің болат жол бойында көп жыл еңбек еткен ардагер ағалар туралы жазған очерктері мен суреттемелері үшінші бөлімде берілген. Бір сөзбен айтқанда, автордың тарихи-танымдық бұл кітабы жамбылдық теміржолшылар қауымының көркем шежіресі іспетті.

Тұрсынбек СҰЛТАНБЕКОВ, «Ақ жол».

Ұқсас жаңалықтар