Құқық
Жамбыл облысында 80 жастағы қария 5 жасар қыздың телефонын алдап алған
- author «Ақ жол»
- 17 мамыр, 2023
- 821
Жамбыл облысында 80 жастағы қария 5 жасар қыздың телефонын алдап алған
Байзақ ауданының полиция бөліміне 5 жасар қыздың анасы шағымданып, белгісіз қарт кісінің кәмелетке толмаған қызының смартфонын алып қойғанын хабарлаған. Күдікті бағасы 132 мың теңге болатын гаджетті бүлдіршіннен алдау арқалы алмаға айырбастап алған. Осы дерекке қатысты ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері 80 жастағы ер адамды анықтады. Қария өзінің кінәсін толық мойындады. Ұялы телефон түріндегі заттай дәлелдеме тәркіленді.
Жамбыл облысының Полиция департаменті ата-аналарды балалармен профилактикалық әңгімелер жүргізіп, оларға бөгде адамдармен көшеде қарым-қатынас ережелерін түсіндіру қажеттігін ескертеді.
Жамбыл облысы Полиция департаменті
Ұқсас жаңалықтар
Өндірістегі жазатайым оқиға: әділдік пен заң талаптары
- 12 наурыз, 2026
Үйді тонаған ұры емес, өзі болғаны ма?...
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




