Соңғы екі апта аралығында «Нұр Отан» партиясының қатарына 1000-нан астам отандасымыз қабылданды. Солардың қатарында даңқты жерлесіміз, Тараз инновациялық гуманитарлық университетінің 2-курс студенті, биылғы жазда Инчхонда өткен Азия ойындарының жеңімпазы Гузалия Гафуроваға партиялық билетті «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің өзі тапсырды. – Бүгін, міне салтанатты жағдайда «Нұр Отан» партиясының қатарына қабылдандым. Шын мәнінде қуанып тұрмын. Партия қатарына қабылдану бұл әрине үлкен жауапкершілік және зор мақтаныш. Ең бастысы еліміздегі ең іргелі саяси құрылым өзінің төңірегіне жастарды ғана емес, Отанымыздың ертеңіне алаңдайтын азаматтарды топтастыруда. Алдағы уақытта өз Отанымның нағыз патриоты ретінде еліміздің өсіп-өркендеуіне сүбелі үлесімді қоса беретін боламын, – деп атап өтті Г.Гафурова.
«Ақ жол»-Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




