Педагогтер өңіраралық форумда бас қосты
Облыс орталығында 300 педагог бас қосқан «Жаңару жаршысы-2023» атты жеке мектептердің ІV өңіраралық форумы өтті. Жамбыл, Жетісу, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласының жетекші мектептерінің педагогтері, облыстық, аудандық оқу-әдістемелік кабинеттердің әдіскерлері, Педагогикалық шеберлік орталығының Тараз, Талдықорған, Қызылорда, Шымкент қаласындағы филиалының қызметкерлері қатысқан форумда «Жетекші мектептердің кәсіби қоғамдастықтарының табысты тәжірибесі» атты көрме ұйымдастырылды. Өңіраралық форумның «Жетекші мектеп: табыстылық траекториясы» тақырыбындағы пленарлық бөлімінде педагогтер жаңашыл идеяларымен бөлісті. Форум жұмысы түрлі өңірден келген педагогтердің іс-тәжірибе алмасуына бағытталған территориялық отырыстармен жалғасты.
Сондай-ақ, форум аясында «Өзгерістерді басқару: механизмдер, құралдар, ресурстар» тақырыбында жетекші мектеп басшыларымен нетворкинг жұмысы және «Педагогикалық қоғамдастық: мәселелер мен шешімдер» тақырыбында питч-сессия ұйымдастырылды.
«Жаңару жаршысы-2023» жетекші мектептердің ІV өңіраралық форумының жұмысы қатысушылардың «Форум барометрі» кері байланысымен қорытындыланды.
«Aq-jol»-Aqparat.
Ұқсас жаңалықтар
100 үздік колледж студенті анықталады
- 24 ақпан, 2026
Жас ізденімпаздар жоғары оқу орнына жолдама алды
- 23 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




