Сутегімен жүретін автобустар жеткізілмек
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен «Бизнеске арналған үкіметтің» фронт-офисінде инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті. Басқосуда облыс әкімі және «China CAMC Engineering Co» LTD компаниясының басқарма төрағасы Ван Бо мырза өзара тараптардың инвестициялық ынтымақтастығының келешегін талқылады. Ван Бо өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы салаларындағы тығыз әрі өзара тиімді ынтымақтастыққа деген ниеттестігін білдірді. Келіссөздер нәтижесінде жақын арада ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылады.
«Globia KFT» компаниясының бас директоры Габор Саги жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобамен таныстырды.
Өңірімізде кәсіпорын «жасыл» сутегі өндірісін ұйымдастыруды жоспарлауда. Сутегіні пайдаланудың негізгі бағыттарының бірі – қоғамдық көліктерге арналған экологиялық таза отын өндіру болып табылады.
Жоба аясында күн электр станциясын, жанармай құю станцияларын салу, сутегімен жүретін автобустарды жеткізу жоспарлануда.
Облыс әкімі жауаптыларға жобаны жедел қолдау шараларын қабылдауды тапсырды.
Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




