«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Мәңгілік елге айналудың жолы

Мәңгілік елге айналудың жолы
ашық дереккөз
Мәңгілік елге айналудың жолы

Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты биылғы Жолдауы шын мәнісінде еліміздің нұрлы болашаққа бастайтын жолдарын айқындап берді. Мемлекет басшысы өзінің әр жылдардағы Жолдауларында мемлекетке жаңа міндеттер жүктеп қана қоймай, сол арқылы халықтың жүрегіне сенім ұялатып келеді. Әрине, ел Президенті белгілеген мақсат-міндеттер кезең-кезеңімен бағындырылуы тиіс. Әсіресе, осы Жолдауда көрсетілген білікті мамандар дайындап, оларды жұмыспен қамту жөніндегі айтқандары осы бағытта жұмыс істейтін оқу орындары мен жас мамандарға үлкен серпіліс тудырды. Биылғы Жолдауда халықты қиыншылыққа ұрындырмай, дағдарыс жағдайының өзінен пайда тауып, елдің әлеуметтік ахуалын арттыруға аса үлкен мән берілгені көңілге қуаныш ұялатты. Бұған қоса, Мемлекет басшысы жастар жайын да назардан тыс қалдырмады. Қазіргі таңда, жасыратыны жоқ, баспаналы болудың да қиындығы аз емес. Елбасы осы мәселені шешудің тиімді бір жолын атап көрсетті. Баспанаға мұндай қолжетімділік бұрын-соңды болған емес. Осы бағдарлама бойынша баспана құрылысына 2015-2016 жылдары қомақты қаржы бөлетінін жеткізді. Жолдаудағы мектептерді жөндеуге және жаңалауға 20 миллиард, жолдар салуға 70 миллиард теңге бөлінетіндігі, үш ауысымда оқу мәселесін шешуге бағытталған міндет, балабақшалардағы орын тапшылығын қысқарту, маман даярлау мен ғылым мен экономика салаларының байланысын қамтамасыз ететін жоғары оқу орындарының анықталуы секілді тұстар білім саласының қызметкерлерінің көңілінен шығып отыр. Көшбасшымыздың сындарлы саясатының арқасында бүгінде талай биіктерді бағындырып, асулардан асудамыз. Елбасы бастап берген «Нұрлы жолы» Мәңгілік Елге айналу жолы. Ең сенімді, ең жарқын жол. Ендеше, Елбасымыздың өзі айтқандай, дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болатынына Қазақстан Мәңгілік Ел болып, жарқын істерімізбен бүкіл әлемді таңдандыратынымызға мен сенемін.

Айнұр Еркебаева, ТарМУ-дың аға оқытушысы.

Ұқсас жаңалықтар