Денсаулық
Нұржан Нұржігітов Мойынқұм ауданындағы бірқатар нысандардың жұмысымен танысты
- author «Ақ жол»
- 4 мамыр, 2023
- 250
Нұржан Нұржігітов Мойынқұм ауданындағы бірқатар нысандардың жұмысымен танысты
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Мойынқұм ауданындағы жұмыс сапары барысында бірқатар әлеуметтік мекемелердің жұмысымен танысып, нысандардың жай-күйін көрді. Аймақ басшысы барған алғашқы нысан - Ұланбел ауылындағы демеушілер есебінен салынған спорт және балалар ойын алаңшасы.
«QazaqGaz барлау және өндіру» ЖШС құрылысын жүргізген алаңша заманауи құралдармен жабдықталған.
Бұдан соң Сарыөзек ауылындағы ауыз су имаратының жұмысымен танысқан облыс әкімі елді мекендерге тіршілік нәрі тәулік бойы үздіксіз берілу керектігін ескертті.
Сондай-ақ, Нұржан Нұржігітов Сарыөзек пен Құмөзек ауылдарындағы орта мектептер мен медпунктің, балабақшаның да жұмысымен танысты. Білім ошақтарында балаларды құнарлы ыстық тамақпен қамтуға, сапалы білім мен тәрбие беруге айрықша назар аудару керектігін баса айтты.
Аймақ басшысы Қарабөгет ауылына кіре беріс автожолындағы апатты жағдайдағы көпірдің күрделі жөндеу жобасымен танысып, құжаттама жұмыстарын тезірек нақтылауды тапсырды. Қазіргі таңда жобасы мемлекеттік сараптамадан өтіп жатқан көпір келер жылы жөндеуден өтеді.
Сондай-ақ, Айдарлы ауылындағы «Мойынқұм құс» шаруашылығында болған облыс әкіміне кәсіпорынның алдағы жоспары баяндалды.
Жылына 1,6 млн дана тауық жұмыртқасын өндіруге арналған фермада қазіргі таңда 600 балапан өсірілуде. Қора-жайларының сыйымдылығы 2000-нан астам тауықты құрайтын шаруашылық етті түйетауықтың елімізде сирек кездесетін түрін өсіруді де қолға алуда.
Ферма басшысы Батырхан Тайбағаров алдағы уақытта шаруашылықтың ауқымын кеңейтуге деген ниетін жеткізіп, қосымша базалар соғу үшін қолдау білдіруді сұрады.
Нұржан Нұржігітов “Ауыл аманаты” жобасы аясында қолдау тетіктері қарастырылатынын жеткізді.
Жұмыс сапары соңында аймақ басшысы аталған ауылдағы спорт кешенінің құрылысымен танысып, жауаптыларға жұмыстардың сапасы мен мерзімін қатаң бақылауда ұстау, нысанды кестеден кешіктірмей осы жылы тапсыру бойынша нақты міндеттер жүктеді.
Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді