Оқушы жастарға эстетикалық тәрбие беруде поэзияның алар орны ерекше. Өйткені, поэзия адамның азаматтығын қалыптастырып, жүрекке нәзіктік сыйлайтын тылсым күш. Осы мақсатта №48 мектепте ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Маралтай Райымбекұлымен кездесу кеші өтті. Оған мектеп оқушылары, ұстаздар қатысты. Кештің ұйымдастыруын өз мойнына алған кітапхана меңгерушісі К. Оспанова ақынның бар шығармашылығын қамтуға тырысыпты. Кездесу барысында, Маралтай Ыбыраев өзінің адуынды да жалынды жырларын арқаланып оқып, тыңдармандардың көңілін серпілтіп отырды. Сондай-ақ, ақын өзінің өткеніне, балалық шағына, студенттік кезеңіне ой жүгіртіп, қызықты естеліктерімен бөлісті. Сонымен қатар, бүгінгі жастардың жай күйіне бей-жай қарай алмайтынын жеткізген ол ұлттық тәрбие жайында әңгімелер қозғады. Оқушылардың сұранысы бойынша Елбасымызға арналған «Көшбасшы» поэмасының жазылу тарихына да тоқталды. Кеш соңында ақын ізгі тілекпен қонақтарға өз кітаптарын сыйға тартты.
Әдемі Тілегенова, ТИГУ-дің студент.
Ұқсас жаңалықтар
Қаламгердің шығармасы өз дауысымен жазылады
- 5 наурыз, 2026
Ақжал ақын Серік Томановтың туғанына – 70 жыл
- 4 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




