Тұңғыш Президент күні қарсаңында облыс әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында журналистерді марапаттауға арналған салтанатты шара өтті. Оны басқарма басшысы Рахманқұл Байтелиев ашып, Тұңғыш Президент-Елбасының сарабдал саясаты арқасында еліміз қарыштап өскенін сөз ете келе, басқарма тарапынан өңірде атқарылып жатқан шаруаны да қысқаша шолып өтті.
– Біздің атқарған жұмысымызды сіздер дер кезінде халыққа жеткізіп келесіздер. Cіздердің тараптарыңыздан бізге қатысты көтерілген өзекті мәселелер, проблемалар жұмысымызды ширатуға пайдасын тигізеді. Сіздерді Тұңғыш Президент күнімен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, өздеріңізге шығармашылық табыс тілеймін,-деді басқарма басшысы. Республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің облыстағы меншікті тілшісі Оралхан Дәуіт, «24.kz» телеарнасының облыстағы меншікті тілшісі Руслан Бақытбекұлы, Қазақ радиосының облыстағы меншікті тілшісі Бақытжан Советұлы, облыстық «Арай» газетінің тілшісі Саятхан Сатылғанов, «Қазақстан-Тараз» телеарнасының тілшісі Жалғас Саңғыл және осы жолдардың авторын басқарма басшысы Алғыс хатпен марапаттап, ақшалай сыйлық тапсырды, гүл шоқтарын сыйлады. Қазақ радиосының облыстағы меншікті тілшісі Б.Советұлы әріптестері атынан басқарма ұжымын да Тұңғыш Президент күнімен құттықтап, өздеріне құрмет көрсеткендері үшін алғыс айтты.
Амангелді ӘБІЛ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Астанада екінші «Орталық Азия – Қытай» саммиті өтті
- 17 маусым, 2025
Ақпарат
Сотқа деген сенім – бәрінен маңызды
- 1 шілде, 2025
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді