Қақпа алдындағы кездесу
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінен «Қақпа алдындағы кездесу» аясында азамат бостандыққа шықты. Ол сот үкімімен кінәлі деп танылып, екі жыл мерзімге бас бостандығынан айырылған.
Жаза мерзімін өтеген ер адамға бұл күні мекеме қызметкерлері бостандыққа шыққаннан кейінгі өмірге әлеуметтік-психологиялық бейімделуін қамтамасыз ету мақсатында құқықтары мен міндеттері жөнінде ақпарат толыққанды ақпарат берді. Тиісті түсіндіру жұмыстары бұл азаматтың бостандықта өзін лайықты дәрежеде ұстауына септігін тигізері сөзсіз.
Өз кезегінде құқықтары және міндеттерімен толықтай танысқан жас жігіт алдағы уақытта қателікке жол бермейтінін атап өтті. Ол өз сөзінде қоғамнан тыс қалдырмай, бостандықтағы өмірге қайта даярлаған ҚАЖ қызметкерлеріне қамқорлықтары үшін ризашылығын білдіріп, өзінің туған-туысымен кездесуге асық екенін жеткізді.
Ұқсас жаңалықтар
Қауіпсіздік пен адам құқықтарының арақатынасы қандай?
- 13 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




