Құқық
Қылмыс хроникасы: Шри-Ланканың 3 азаматы өз еліне қайтарылды
- author «Ақ жол»
- 13 сәуір, 2023
- 803
Қылмыс хроникасы: Шри-Ланканың 3 азаматы өз еліне қайтарылды
Елімізде қолданыстағы заңға сәйкес шекараны заңсыз кесіп өтетіндерге ең қатал жаза қолданылады. Яғни, мұндай заң бұзушылық қадамға барғандар сот үкімімен бас бостандығынан айырылады. Алайда, заңды белшесінен басқысы келетіндердің қатары әлі күнге азаймай тұр. Өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде жазасын өтеген Шри-Ланка мемлекетінің 3 азаматы осындай іс-әрекетке барғаны үшін айыпты деп танылған. Дәлірек айтсақ, оңтүстік Азиядағы аралды елдің азаматтары тәуелсіз Қазақстанның шекарасын заңсыз кесіп өтпек болғанда қолға түскен. Осылайша, олар бас бостандығынан айырылып, темір торға тоғытылады. Жуырда жаза мерзімінің аяқталуына байланысты еркіндікке жолдама алған шетелдіктерді депортациялау жұмыстары бұдан әрі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдеріне жүктеліп отыр.
Дайындаған Есен ӨТЕУЛІ.
Ұқсас жаңалықтар
Өндірістегі жазатайым оқиға: әділдік пен заң талаптары
- 12 наурыз, 2026
Үйді тонаған ұры емес, өзі болғаны ма?...
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




