Құрылыс заттарын ұрлаған алматылық ұсталды
Тараз қалалық полиция басқармасының жедел басқару орталығына 35 жастағы қала тұрғынынан шағым түседі. Ол өз сөзінде шаһардағы шағынаудандардың бірінде орналасқан құрылыс дүңгіршегінен электрлік құрал-саймандардың ұрланғанын хабарлайды. Жалпы, келтірілген шығын көлемі – 350 мың теңге. Жедел іске кіріскен полиция қызметкерлері іздестіру іс-шаралары барысында 33 жастағы Алматы облысының тұрғынын ұстады. Күдіктінің айтуынша, ол құрылыс құралдарын төмен бағада өткеріп, ақшасын жеке қажеттіліктеріне жұмсамақ болған. Қазіргі таңда күдікті өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Аталған дерек бойынша Қылмыстық Кодекстің 188-бабы 3-бөлігімен (ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Дайындаған Есен ӨТЕУЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Өндірістегі жазатайым оқиға: әділдік пен заң талаптары
- 12 наурыз, 2026
Үйді тонаған ұры емес, өзі болғаны ма?...
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




