Саясат
Прокурорлар мен Адам құқықтары жөніндегі уәкіл бірлесіп азаптауларға қарсы күрес жүргізетін болады
- author «Ақ жол»
- 13 сәуір, 2023
- 208
Прокурорлар мен Адам құқықтары жөніндегі уәкіл бірлесіп азаптауларға қарсы күрес жүргізетін болады
Бас Прокурор Берік Асылов пен Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды ҚР БП баспасөз қызметі. Меморандумның мақсаты – тиімді шаралар қабылдау және ортақ ресурстарды пайдалану арқылы азаптаулар мен басқа да рұқсат етілмеген тергеу әдістеріне бірлесу және қарсы тұру.
Келісім шеңберінде тараптар бірлескен, оның ішінде өңірлік деңгейде де іс-шаралар өткізуге ниет білдіруде.
Атап айтқанда, азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзудың алғышарттарын анықтау және жою үшін қылмыстық қудалау органдары мен пенитенциарлық мекемелердің ғимараттарына бірлесіп бару, бұзылған құқықтарды қорғау және қалпына келтіру тетіктері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу, азаматтардың жеке қабылдауларын ұйымдастыру, ақпарат алмасу және басқа да бірқатар шаралар жоспарлануда.
Шараға қатысушылар ортақ міндеттер мен мақсаттарға қол жеткізуде әріптестік қатынастардың маңыздылығын, құжаттыңазаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау, оның ішінде азаптаулардың алдын алу мәселелерінде екі жақты ынтымақтастыққа жаңа серпін беретінін атап өтті.
Прокуратура органдары Ыстамбұл хаттамасының қағидаттарына сәйкес келетін азаптауларды тергеп-тексерудің әдістемесінәзірледі. Құқық қорғау органдарының басшыларымен бірлесіп, қылмыстық процесте және жазаны орындау кезінде азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз ету бойынша азаптаулар туралы істерді сотқа дейінгі тергеп-тексеру нұсқаулығы, сондай-ақ міндетті бейнебақылау ережелері бекітілді.
Құқық қорғау және түзеу мекемелерінің «көрінбейтін аймақтарды» бақылау камераларымен жарақтандыру, сондай-ақ сотталғандардың жолданымдарын онлайн беру үшін терминалдар орнату жүргізілуде.
Сонымен қатар арыздарды тәулік бойы қабылдауды, жеткізу заңдылығына кенеттен тексерістер жүргізуді және басқа алдын алу шараларын қамтамасыз ететін Азаптауларға қарсы іс-қимыл бойынша бірінші кезектегі шаралар жоспары қабылданды.
Прокуратура азаптаулардың алдын алу мәселелерінде құқық қорғау институттарымен тығыз өзара іс-қимыл жасасуда.
ҚР БП баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестікке серпін берген сапарлар
- 23 қараша, 2024
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді