Сыбайлас жемқорлық – қоғам мәселесі
Кез келген қоғамның дамуын тежейтін кеселдің бірегейі – сыбайлас жемқорлық. Өйткені, параға сатылған елде әділеттілік орнатылмай, азаматтардың құқығы сақталмайтыны түсінікті. Сол себепті, жең ұшынан жалғасқан жемқорлықтың алдын алу әрбір адамның міндеті.
Өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде өткен жиын барысында осы тақырып кеңінен қаузалды. Жиынға арнайы қатысқан ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы Айбек Ажибаев құқық қорғау қызметкерлерінің қашанда өзгеге үлгі болуы қажеттігін баса айтты. Ол өз сөзінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында еңбек ететін тәртіп сақшыларының сыбайлас жемқорлықтың жолын кесуде алдыңғы шепте тұратындығын атап өтті.
Өз кезегінде мекеме бастығы, әділет подполковнигі Нұржан Кузембаев ҚАЖ қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлық фактілерін мүлде болдырмау мақсатында департамент басшылығы тарапынан кешенді шаралар жүзеге асып жатқанын мәлімдеді.
Өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде өткен жиын барысында осы тақырып кеңінен қаузалды. Жиынға арнайы қатысқан ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы Айбек Ажибаев құқық қорғау қызметкерлерінің қашанда өзгеге үлгі болуы қажеттігін баса айтты. Ол өз сөзінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында еңбек ететін тәртіп сақшыларының сыбайлас жемқорлықтың жолын кесуде алдыңғы шепте тұратындығын атап өтті.
Өз кезегінде мекеме бастығы, әділет подполковнигі Нұржан Кузембаев ҚАЖ қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлық фактілерін мүлде болдырмау мақсатында департамент басшылығы тарапынан кешенді шаралар жүзеге асып жатқанын мәлімдеді.Ұқсас жаңалықтар
Дропперліктен аулақ бол!
- 6 желтоқсан, 2025
Тараптар арасындағы дау медиациямен шешіледі
- 6 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




