Ізденіс ілкімді нәтижеге қол жеткізеді
Жуырда Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты мен Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөліміне қарасты Т.Рысқұлов атындағы мектеп-лицейі бірлесіп ұйымдастырған 11-сынып оқушылары арасында математикадан пәндік олимпиада өтті. Аталған пәндік олимпиадада Құлан мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Арай Садыхан ең жоғары көрсеткішке ие болып, нәтижесінде Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтына 100 пайыз жеңілдік беретін оқу сертификатын иеленген болатын.
Ынтымақтастық негізінде жүзеге асқан олимпиадаға ауданымыздағы білім беру ошақтарынан 11-сынып оқушылары қатысып, барлығы 21 білім алушы бақ сынаған еді. Солардың ішінде мәреге бірінші келген оқушымыз Арай Садыханның бұл көрсеткіші қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы мектебіміздің сан қырлы екенін, кез келген бағытта мықтылығын тағы да бір дәлелдеп отыр.
Бірінші мәрте ұйымдастырылған білім сайысына Арайдың еш дайындығы болмаса да, бала күннен қалыптасқан ұшқыр ойы мен зеректігінің арқасында нәтижелі болуға мүмкіндік алды. Оның үстіне, Арай Садыханның жетекшісі Мая Жұмағұлованың да еңбегін атап өту керек. Бұл тұста «Ұстазы жақсының, ұстанымы жақсы» деген қазақтың зерделі сөзі еске оралады.
Шакизат ШОНАТАЕВА,
Құлан мектеп-гимназиясының директоры.
Т.Рысқұлов ауданы
Ұқсас жаңалықтар
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
«Сапалы білім – саналы ұрпақ кепілі» атты кездесу өтті
- 24 қазан, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді