Мемлекеттік сатып алу оңтайландырылуда
Үстіміздегі жылы облыс әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасы 1392 лот бойынша мемлекеттік сатып алу конкурстарын жариялаған. Бүгінде оның 489-ның қорытындысы шығып үлгеріпті. Жалпы, жоспарланған лоттардың ішінде білім, денсаулық сақтау, мәдениет салаларына және тұрғын үй, инженерлік коммуникациялар мен сумен қамтамасыз ету нысандарына жөндеу жұмыстары жүргізілуі тиіс. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Жайықбай Шалдаров баяндады. – Өңірімізде сатып алуларға байланысты облыста тіркелген мердігерлермен 372 лот бойынша келісімшарт жасалды. Ал, басқа облыстарда тіркелген мердігерлермен 117 лот бойынша келісімшартқа қол қойылды. Жыл басынан бері өткізілген мемлекеттік сатып алулардың нәтижесінде барлығы 1,4 миллиард теңге қаржы үнемделді, – деді Жайықбай Шалдарұлы.
Айта кетейік, мемлекеттік сатып алу заңмен реттелген әрі қатаң ережесі бар, тапсырысшы мен әлеуетті өнім берушінің арасындағы ұзақ процесс. Сондықтан, қазіргі таңда мұны мейлінше оңтайландыру шаралары қолға алынуда. Нақтылай түссек, бүгінде сатып алудың қолайлылығы мен ашықтығы үшін веб-порталда әлеуетті өнім берушілерге, конкурстық құжаттаманың жобасын талқылауға, алдын ала рұқсат беру хаттамасының талаптарына сәйкес конкурстық өтінімді түзетуге және конкурстық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда уәкілетті органға жүгінуге мүмкіндік беретін сатып алу кезеңдері көзделген. Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алудың рәсімін жеңілдету және бәсекелестіктің адалдығын қамтамасыз ету мақсатында «электрондық дүкен» мемлекеттік сатып алу веб-порталымен интеграцияланған бірыңғай ақпараттық жүйе енгізіліп отыр.
«Aq jol»-Aqparat».
Ұқсас жаңалықтар
Республикалық пән олимпиадасының қорытынды кезеңі өтті
- 9 сәуір, 2026
Бірегей білім ордасы
- 8 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




