Тараз қаласын абаттандыру жобасы таныстырылды
Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов қалалардың бас жоспарларын, урбанизация және қала құрылысы жобаларын әзірлеумен айналысатын “Urban Living” компаниясының басшылығымен кездесті. Кездесуге аталған компанияның бас директоры, компанияның негізін қалаушы Гүлмира Байғабылова, плейсмэйкинг жөніндегі директоры Рикардо Марини қатысты.
Олар қалалық ортаны жақсарту, абаттандыру тұжырымдамасымен бөлісті. Жобада жаяу жүргіншілер мен велосипед айдаушылар үшін қауіпсіз және жайлы орта құру, туристік инфрақұрылымды дамыту, Тараздың жасыл қала мәртебесін күшейту жоспарлары қамтылған.
Рикардо Марини жүйелі ұсыныстар көне қаланың тарихи орындарының бірегейлігін, климаттық жағдайы мен саябақтардың көптігін ескере отырып әзірленгенін атап өтті.
Облыс әкімі қала басшылығына жобаны жан- жақты зерделеуді, өз ұсыныстарын енгізуді және тұжырымдаманы іске асыру бойынша дайындық жұмыстары мен іс-қимыл жоспарын әзірлеуді тапсырды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




