Тарихымызды тануда, мәдениетімізді дамытуда, рухани байлығымызды арттыруда көркем әдебиеттің алар орны бөлек. Оның тәрбиелік мәні жоғары. Бұл ретте елімізде өткізіліп жатқан «Бір ел – бір кітап» акциясының маңызы ерекше. Осы акция аясында біздің кітапханада жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі», «Басында Үшқараның» шығармалары бойынша оқырмандар конференциясы өткізілді. Кітапханашы Құралай Асхатаева жазушының шығармашылығы және аталған туындылар туралы қысқаша шолу жасағаннан кейін, «Ой шақыру» бөлімінде автор және кітаптарға байланысты қойылған сұрақтарға тұшымды жауаптар алынды. Іс-шараның екінші бөлімінде аталмыш кітаптардан үзінділер оқылып, жан-жақты талқылаулар болды, пікірлер айтылды. Кітапханашы Н. Манабаева жасаған библиографиялық шолу мен кітап көрмесінен де қатысушылар үлкен әсер алды. Акция барысында кітап көрмесінен 4 кітап пен бір мерзімді басылымның қолға берілуі, кітапханаға жаңадан 4 оқырманның тіркелуі іс-шараның нәтижелі болғандығына айғақ.
Аида Қалисаева, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры.
Жамбыл ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




