Нұрсұлтан Назарбаевқа "Түрікменнің Ел ағасы" құрметті атағы берілді
- author «Ақ жол»
- 3 желтоқсан, 2014
- 733
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Түрікменнің Ел ағасы" атанды. Екі ел арасындағы қарым-қатынастың нығаюына қосқан үлесі үшін осындай атақ пен төсбелгіні сейсенбі күні Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымұхамедов тапсырды, - деп хабарлайдыКТК телеарнасы.
Естеріңізге сала кетсек, 2 желтоқсан күні Нұрсұлтан Назарбаев Түрікменстанға ресми сапарменбарды. Сапар барысында Қазақстан Президенті Қазақстан-Түрікменстан-Иран халықаралық теміржол магистралінің ашылу салтанатына қатысады деп жоспарланған.
Елбасының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, келіссөз барысында Нұрсұлтан Назарбаев біздің ел Түрікменстанды туыс және сенімді серіктес санайтынын жеткізген. Сондай-ақ Назарбаевтауар айналымы деңгейінің өскенін, алдағы уақытта сауда-экономикалық қарым-қатынасты одан әрі арттыру керек екенін атап өтті.
"Әлемде болып жатқан келеңсіз өзгерістерге қарамастан Қазақстан мен Түрікменстан арасында сауда қатынасының өскені байқалады. Бұл біздің экономикамыздың дамығанын көрсетеді. Біз сауда-саттық көлемін миллиард долларға жеткізу үшін бар мүмкіншілікті пайдалануымыз керек", - деді Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Ұқсас жаңалықтар
Үздік партияға – үздік кадрлар
- 28 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




