Таразда ағаш көшеттері егіліп, қоқыстар тазалануда
Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласында көктемгі көріктендіру, көгеріштендіру жұмыстары, санитарлық-тазалық жұмыстары жалғасуда.
Айталық, өткен сенбіде Тараз қаласының барлық округінде мекеме-ұйым қызметкерлері мен қала тұрғындарының қатысуымен ауқымды сенбілік өтті.
Сонымен қатар "Жасыл ел-Тараз" мамандары, округ тұрғындары Әйтиев көшесіне, яғни Төле би даңғылынан Қонаев көшесіне дейінгі аралыққа 136 түп шаған (ясень), 58 түп қарағай, 130 түп туя, барлығы 324 түп тал-дарақ көшеттерін отырғызды.
Айта кетейік, бүгінгі күнге дейін көне шаһарда төрт мыңнан аса түрлі ағаш, екі мың түп жеміс көшеті егілді.
Игілікті шара алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




