Серік Күдебаеқа қатысты халықаралық іздеу жарияланды
Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев 2023 жылдың 3 сәуіріндегі сотқа келмеді, деп хабарлайды Aq jol. kz ақпараттық порталы Zakon.kz. сайтына сілтеме жасап.
Осыған байланысты Серік Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланды.
2022 жылдың 13 мамырында Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылғаны белгілі болды.
Бас прокуратураның хабарлауынша, Алматы облысы ПД бұрынғы басшысына «ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметтегі әрекетсіздік» деген күдік бар.
2023 жылдың 31 қаңтарында Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы кезінде Талдықорғаннан не үшін кеткенін айтты.
28 ақпанда прокурор Алматы облыстық полициясының бұрынғы басшысы Серік Күдебаевты 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған.
Серік Күдебаев 2020 жылдың қаңтарынан бері Алматы облысының полиция департаментінің бастығы қызметін атқарды. 2022 жылдың 18 ақпанында ішкі істер органдарынан өз еркімен босатылған.
Ұқсас жаңалықтар
Қауіпсіздік пен адам құқықтарының арақатынасы қандай?
- 13 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




