АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы жылдары Қазақстанда шахматқа қызығатын балалардың саны артып келе жатыр. Бұл туралы бүгін Астанада 16 дүркін әлем чемпионы Анатолий Карповтың бірмезгілдік ойын сеансы барысында Қазақстан шахмат федерациясының вице-президенті Еркін Исраилов айтты.
«Соңғы 3-4 жылда елімізде шахматқа қызығатын балалардың саны өте жылдам өсіп келеді. Біздің балалар құрамасы үлкен жетістіктерге жетуде. Соңғы 5 жылда біз балалар және оқушылар арасындағы әлемдік деңгейдегі түрлі чемпионаттарда түрлі дәрежедегі 20 шақты медаль ұтып алдық, олардың жартысына жуығы алтын медальдар», - деді Еркін Исраилов.
Оның айтуынша, спорттың осы түрінің елімізде қарқынды дамуы әр өңірде шахмат үйірмелерінің көптеп ашылуына және ел құрамасының түрлі халықаралық жарыстарға жиі қатысуына тікелей байланысты.
kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Бол риза анашым, қолдағы осы бар...
- 28 сәуір, 2026
Жарылыс салған жара әлі жазылғанжоқ
- 28 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




