Аса ірі көлемде «гашиш» есірткісі тәркіленді
Өңірлік полиция департаментіне бағынысты есірткі қылмысына қарсы күрес іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі заттарын сақтады деген күдікпен Шу ауданы, Бірлік ауылының 54 жастағы тұрғынын ұстады. Күдіктінің үйін тінту кезінде жазғы ас үйден қара-жасыл түсті ұнтақ заты бар 2 полиэтилен пакет табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттың жалпы салмағы 4 келі 65 грамм болатын «гашиш» есірткісі екені анықталып отыр. – Күдікті өз кінәсін толығымен мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты Қылмыстық Кодекстің 296-бабының 4-бөлігімен (есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Азаматтың қылмысы дәлелденген жағдайда оған 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза берілуі мүмкін, – деді есірткі қылмысына қарсы күрес іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Әлім Бажықбаев.
Есен ӨТЕУЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




