Саясат
Мемлекет басшысының атына Түркия Президенті Режеп Таийп Ердоғанның алғыс хаты келіп түсті
- author «Ақ жол»
- 30 наурыз, 2023
- 726
Мемлекет басшысының атына Түркия Президенті Режеп Таийп Ердоғанның алғыс хаты келіп түсті
Түркия Президенті Режеп Таийп Ердоған өзінің хатында Түркияның Қахраманмараш провинциясы мен басқа да елді мекендеріне орасан зор зардабын тигізген жойқын жер сілкінісіне байланысты бауырлас елдің қайғысына ортақтасып, көңіл айтқаны, сондай-ақ жедел көмек көрсеткені үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Түркия халқының және жеке өзінің атынан алғыс айтқан.
«Осындай табиғи апат кезінде достас елдердің жанымыздан табылуы қиындыққа қарсы тұруға күш береді. Қазақстанның берген жәрдемі жер сілкінісінің ауыр салдарымен күрес кезінде халқымызға зор қолдау болды. Еліңіздің іздестіру-құтқару тобы үйінді астында қалған адамдарды аман сақтап қалу үшін аянбай еңбек етіп, ерік-жігер танытқанын әрдайым ризашылықпен еске аламыз», – деп жазылған алғыс хатта.Сонымен қатар Режеп Таийп Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевқа және достас әрі бауырлас Қазақстан халқына амандық пен бақ-береке тіледі.
Akorda.kz
Ұқсас жаңалықтар
Аманат арқалаған азамат
- 6 желтоқсан, 2025
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




