
ҚАЖ қызметкерлері жазғы киім үлгісіне көшті
Қоғамдық тәртіптің талапқа сай болуы – елдегі тұрақтылықтың кепілі екені анық. Ал құқық қорғау қызметкерлерінің қоғамда жағымды келбетін қалыптастыруда олардың киген киімі, жүріс-тұрысы, мінез-құлқы ең бірінші назарға ілінері белгілі. Осы талаптардың үдесінен шыға білген шенділер ғана өз міндетін мүлтіксіз атқарары сөзсіз. Бүгін өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде жеке құрам қызметкерлерінің жазғы киім үлгісіне көшуіне байланысты саптық жиын өтті.
Онда сап түзеген ҚАЖ қызметкерлерінің сыртқы түр-сипаты, үлгілік киімі, қызметтік куәліктерінің және айырым белгілерінің талаптарға сай болуы тексерілді.
Сондай-ақ жеке құрам қызметкерлерінің ұқыптылығы мен жинақылығы, шаш үлгісі, киімінің мұнтаздай тазалығы басты назарға алынды.
Саптық жиынды қорытындылау кезінде мекеме бастығы әділет подполковнигі Нұржан Кузембаев анықталған кемшіліктерді жою бағытында нақты тапсырмалар берді.
Жазғы киімге ауысу рәсіміне арналған жиын қызметкерлердің шеруімен аяқталды.
Ұқсас жаңалықтар
Жезқазғанда балаға қол көтерген тәрбиеші істі болды
- 23 сәуір, 2025
Ауданда қылмыс саны азайған
- 29 наурыз, 2025
Ақпарат
Тоқаев Ассамблея отырысында тіл мәселесін қозғады
- 24 сәуір, 2025
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді