Марапатталды

Марапатталды
ашық дереккөз
Марапатталды

Жамбыл облыстық мәслихатының хатшысы Б. Қарашолақовтың өкімімен көп жылғы жемісті еңбегі және қоғамдық өмірге белсене араласқаны үшін Мойынқұм ауылдық округі әкімінің орынбасары Мұханбетқұл САБЫРОВ, қаржы жүйесіндегі көп жылғы жемісті еңбегі және қоғамдық өмірге белсене араласқаны үшін Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасының коммуналдық меншікті жекешелендіру және есепке алу бөлімінің бас маманы Мәншүк Тұтқабайқызы ОСПАНОВА, көп жылғы жемісті еңбегі және қоғамдық өмірге белсене араласқаны үшін және облыстық «Знамя труда» газетінің 95 жылдығына орай «Жамбыл облыстық «Знамя труда» газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас бухгалтері Күлсінай Тортаевна ӘЛІМҚҰЛОВА, «Жамбыл облыстық «Знамя труда» газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің компьютер орталығының басшысы Станислав Владимирович МАНЬКО, ауыл шаруашылығы саласындағы көп жылғы жемісті еңбегі және қоғамдық өмірге белсене араласқаны үшін Жамбыл облысы, Байзақ ауданы «Бапыш-Сейсенбай» шаруа қожалығының жетекшісі Сейсенәлі Қауланбекұлы АБДІҚҰЛОВ, Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі Зағипа Шаңбайқызы ӘУЕЛБАЕВА, «Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің экономикалық талдау және жоспарлау бөлімінің басшысы Марат Қонысұлы БҮРКІТБАЕВ, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті Байзақ аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Кенен Мұханбетжанұлы ДҮЙСЕНБЕКОВ, Жамбыл облысы, Сарысу ауданы «Жарасбек-Ата» шаруа қожалығының жетекшісі Пернебек Жарасбекұлы ЕРУБАЕВ, Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы «Алғабас» шаруа қожалығының жетекшісі Арылбек Шамшабекұлы ҚОРАЛАСБАЕВ, «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Нұржан Смағұлұлы МОЛДАБЕКОВ, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясының кадр, ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Рыскүл Ормаханқызы МЫРЗАБЕКОВА, «Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Абдалы Тоқбергенұлы НҰРАЛИЕВ, көп жылғы жемісті еңбегі және қоғамдық өмірге белсене араласқаны үшін «Жүрек» кардиохирургиялық клиникасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің диагностика бөлімінің меңгерушісі Руслан Абдуталыпұлы АШИРОВ, «Жүрек» кардиохирургиялық клиникасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Дәлихан Лұқманұлы ӘМІРОВ, көп жылғы жемісті еңбегі, қоғамдық өмірге белсене араласқаны үшін және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Қазақстан Республикасының ұлттық экономикалық министрлігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Жамбыл аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Маржанкүл Ақтанқызы АҚТАНОВА, зейнеткер, еңбек ардагері, Меркі ауданының Құрметті азаматы Төкен ЖАНДАРОВ, зейнеткер Байсейіт Сабырұлы ЖЫЛЫСБАЕВ, Тараз қаласы прокурорының аға көмекшісі Гаухар Тұрысбекқызы ТАСЫБЕКОВА, прокуратура органдарындағы жемісті еңбегі, заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін және Қазақстан Республикасының Прокуратурасы күніне орай Қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысында заңдылығын қадағалау басқармасындағы облыс прокурорының аға көмекшісі Жамбыл Сатыбалдыұлы САРЖАНОВ, Тараз қаласы прокурорының аға көмекшісі Дахия Саткейұлы ӘДІЛОВ, көп жылғы жемісті еңбегі, қоғамдық өмірге белсене араласқаны үшін және Ұлттық мереке – Тәуелсіздік күніне орай «Казфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің филиалы, «Шолақтау» тау-кен өңдеу кешенінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі жетекші инженері Болат Урзаткулович АЙТБЕКОВ, «Казфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Минералды тыңайтқыштар» зауытының «Аммофос» цехында жөндеуші-дәнекерлеуші Владимир Иванович АРТЮШЕЧКИН, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істер және жер ресурстарын басқару комитетінің «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Жамбыл филиалының жер мониторингі және іздестіру бөлімінің бастығы Дархан Рысбайұлы ДӘУЛЕТ, Байзақ ауданы прокурорының орынбасары Жомарт Құдайбергенұлы КҮШЕКОВ, «Казфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Қаратау» тау-кен өңдеу кешені «Көксу» кенішінің бастығы Әбдіқали Жәнібекұлы МАҚҰЛОВ, «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы филиалы-Жамбыл облыстық телекоммуникация дирекциясының желілерін пайдалану және дамыту қызметінің бастығы Онгарбек Улмесханович НУРЛЫБАЕВ, «Казфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (Жаңа Жамбыл фосфор зауыты) филиалының №19-шы «сумен қамтамасыз ету және кәріз» цехының ұста-жөндеушісі Тлеуберды Сүйінбайұлы ОРЫНТАЕВ, «Казфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Жаңатас, Қаратау өндіріс аймағындағы «Теміржол-көлік комплексі филиалы директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Ерғали Қызғараұлы САДИБАЕВ, «Ақарал» өндірістік кооперативі төрағасының орынбасары Азат Билдебайұлы ШАРИПОВ, Жуалы ауданы прокурорының аға көмекшісі Мейрхан Жүнісәліұлы ШҮКЕЕВ облыстық мәслихаттың Грамотасымен марапатталды.

Ұқсас жаңалықтар