«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Құрметті жамбылдықтар, құрметті сайлаушылар!

Құрметті жамбылдықтар, құрметті сайлаушылар!
ашық дереккөз
Құрметті жамбылдықтар, құрметті сайлаушылар!
1 желтоқсан ел тұрғындары Қазақстанның Тұңғыш Президенті күнін атап өтеді. Осыдан үш жыл бұрын еліміздегі мерекелер күнтізбесіне өзгеріс енгізіп, жаңа айтулы күн қосу Парламенттегі бір топ депутаттың бастамасы болатын. Бұл Елбасының елге, оның дамуына сіңірген зор еңбегін бағалап, Ұлт Көшбасшысы атанған тұлғаны келешек ұрпақтың да құрметтеп, ардақтап жүруіне сеп боларлық мереке. Бұл баршамызға ортақ салтанатты оқиға, бүкіл қазақстандықтардың тарихи таңдау күні, халық бірлігі мен келісім күні. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның бірлігін, Ата Заңымызды, адам құқықтарын және бостандықтарын қорғауды қамтамасыз еткен жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы болып табылатындығы күмәнсіз. Елбасымыз ата-бабаларымыздың тәуелсіздік туралы ғасырлар бойғы армандарын ақиқатқа айналдыруға мүмкіндік туғызды. Бүгінде Қазақстан Еуразия кеңістігінде стратегиялық қуаты күшті, маңызы үлкен мемлекет ретінде мойындалып отыр. Мұның барлығына елдегі тұрақтылық, халықтар арасындағы бірлік пен ынтымақтастық арқасында қол жеткізілді. Күні кешегі Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы әлемдік экономикалық ахуалдан туған азаматтарымыздың көкейлеріндегі сұрақтарға нақты жауап болды. Президент алдағы жылдарды жан-жақты экономикалық сараптай отырып, негізгі бағыттарды айқындап, Жаңа Экономикалық Саясатты жариялады. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын басты бағыт- бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын «Нұрлы жолға» айналдыру алға тартылып отыр. Республикамызбен бірге облысымыз да қарқынды дамып келеді. Бүгінде біз жамбылдықтардың өмір сүру сапасы жыл сайын айтарлықтай жақсарып келеді деп толық сеніммен айта аламыз. Экономика мен әлеуметтік сала тұрақты дамуда, жаңа өндірістер мен кәсіпорындар ашылуда, тұрғын үйлер, ауруханалар, мектептер мен балабақшалар салынуда. Біз қол жеткізген жетістіктерімізге тоқмейілсімеуге тиіспіз. Халқымыздың еркімен сайланған Мемлекет басшысының бағытын ұстана және қолдай отырып, жаңа табыстар мен жетістіктерге жетуіміз қажет. Қымбатты жамбылдықтар! Сіздерді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мықты денсаулық, бақыт, игілік, табыс және сүйікті Отанымыз — Қазақстан Республикасының гүлденуін тілеймін! Бағлан ҚАРАШОЛАҚОВ, облыстық мәслихаттың хатшысы. Құрметті облыс тұрғындары! «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының Саяси кеңесі Сіздерді Қазақстанның Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтайды. Бұл мерекенің егемен елімізде алар орны ерекше. Себебі, бұл күн Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына және мемлекетіне сіңірген зор еңбегіне деген құрмет. Елбасымыз Қазақстанның бірлігін, Ата Заңымызды, адам мен азаматтың құқықтарын және бостандықтарын қорғауды қамтамасыз еткен жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы болып табылатындығы күмәнсіз. Еліміздің Тұңғыш Президенті ата-бабаларымыздың тәуелсіздік туралы ғасырлар бойғы армандарын ақиқатқа айналдыруға мүмкіндік туғызды. Сонымен бірге, ол – әлеуметтік -экономикалық, саяси қарқынды дамып келе жатқан мемлекетіміздің бірегей моделін жасаған заманымыздың аса көрнекті мемлекеттік және саяси қайраткер. Болашақты болжай білетін көреген Көшбасшымыз Нұрсұлтан Әбішұлы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол!» атты мазмұны терең Жолдауы Тәуелсіз Қазақстанның өсіп-өркендеуі мен оның халқының баянды да бақытты, бейбіт өмір сүруінің кепілі болады деп айтуға болады. Елбасымыздың Партияның кеңейтілген Саяси кеңесінде қазақстандықтарға арнаған Жолдауы нұротандықтарға тың серпін берді. Еліміздің берекесі нық, іргесі берік, болашағы жарқын болып, Астанамыз күннен-күнге көркейіп, абырой-даңқыңыз ел мүддесімен бірге жасай берсін. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті жүргізіп отырған сындарлы саясаты аясында ұлтаралық татулығымыз, ынтымақтастығымыз нығая берсін. Еліміз аман, бейбіт өмір, тыныштық заман болсын дептілейміз. «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының Саяси кеңесі.

Ұқсас жаңалықтар