Айтулы мереке –Тұңғыш Президент күні қарсаңында облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы Назарбаев зияткерлік мектебінің базасында «Кемелді келешекке – кемеңгер басшымен!» атты облыстық жастар форумын ұйымдастырды. Облыс орталығындағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері қатысқан басқосу Елбасының өмірі мен қызметі, өскен-өнген, оқыған ортасы, тәуелсіз Қазақстан мемлекетін қалыптастырып, дамытудағы ересен еңбегі жөніндегі қысқаметражды деректі фильм көрсетілуімен басталды. Бұдан әрі жастар флешмобы ұйымдастырылып, жоғарыда аталған басқарманың басшысы Е. Құралбаев, Тараз қалалық «Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектерінің одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Д. Ермеков, Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Ж. Ескендірова, «Панорама» ақпараттық орталығының жетекшісі Б. Мөрбеков жуықтағы Елбасы Жолдауында алға қойылған межелерді бағындырып, мақсатқа жету жолында аянбай еңбек ету жастардың да еншісіндегі іс екенін жан-жақты тарқата айтып, оларды Жолдауды қолдауға шақырды. Жас ақын Н. Қадырәлі өзінің Елбасына арнаған толғауын тебірене оқып берді. Зияткерлік мектептің өнерлі өрендері де әуелете ән шырқап, күмбірлете күй шертіп, мың бұрала би билеп ел мен жерді, Елбасын ұлықтап-ақ бақты.
«Ақ жол-Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




