Шахмат шыңындағы Бибісара
Шахмат мидың жылдамдығын, ақыл-ойдың ұшқырлығын қажет ететін ерекше спорт түрі. Осы спорт биігін жерлесіміз Бибісара Асаубаева сәтті бағындырып келеді. Ол осы уақытқа дейін екі дүркін Әлем чемпионы болып үлгерді. Мұндай жетістікке кез келген спортшы қол жеткізе алмайды. Ол алғаш 2021 жылы желтоқсан айында жылдам шахматтан (блиц) Әлем чемпионы атанған. Бұл ересектер арасында шахматтан Әлем чемпионаттарында Қазақстан құрамасына бұйырған тарихи алғашқы алтын медаль.
Бибісара сонымен қатар, ең жас чемпион ретінде де Гиннестің рекордтар кітабына еніп отыр. Жерлесіміз былтыр Польшаның Варшава қаласындағы жоғары жетістігін Алматы қаласында өткен жарыста қайталады. Сөйтіп, отандасымыз екі дүркін Әлем чемпионы атанғандар қатарында.
Бибісара 2004 жылы 26 ақпанда Тараз қаласында дүниеге келген. Оның алдағы уақытта да шахмат әлемінің шыңдарын бағындыра береріне сенімдіміз.
Есет ЖАҢАБАЙҰЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




