Құқық
Сотталғандарға тұрмысқа қажетті құрал-жабдықтар сыйға берілді
- author «Ақ жол»
- 17 наурыз, 2023
- 644
Сотталғандарға тұрмысқа қажетті құрал-жабдықтар сыйға берілді
Бүгінгі таңда түзеу мекемелерінде жазасын өтейтін жандардың қоғаммен байланысын арттыру үшін кешенді шаралар қолға алынған. Әсіресе, оларды жұмыспен қамту мен тиісті медициналық көмек көрсету жүйелі шешіліп келеді. Бұдан бөлек, сотты болған азаматтарға қайырымдылық жасап, оларға тұрмысқа қажетті құрал-жабдықтарды тарту ететін жомарт адамдар да кездеседі. Мәселен, «Қабанбай Баба» қоғамдық ұйымының төрағасы Әуесхан Зауырбеков өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесіндегі сотталғандарға қайырымдылық жасады. Игі шара барысында арнайы контингентке микротолқынды пештер сыйға берілді.
Айта кетейік, жалпы мұндай шаралардың негізгі мақсаты - жазасын өтеушілердің қоғаммен байланысын арттыру әрі олардың түзелу жолына түсуіне ықпал ету.
Ұқсас жаңалықтар
Baytaq партиясының пленарлық отырысы өтті
- 4 ақпан, 2026
11 бөлім, 95 бап: Жаңа Ата Заңның жобасы жарияланды
- 31 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




