Саясат
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинді құттықтады
- author «Ақ жол»
- 10 наурыз, 2023
- 521
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинді құттықтады
Президент Қытай Төрағасының игі бастамаларына сәттілік, жауапты қызметіне толағай табыс, ал достас Қытай халқына құт-береке тіледі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинді Қытай Халық Республикасының Төрағасы лауазымына қайта сайлануымен құттықтап, жеделхат жолдады.
«Өткен «екі сессия» қорытындысы бойынша қабылданған маңызды шешімдер мен Сіздің парасатты саясатыңыз халқыңызды биік құндылықтарға жетелеп, Қытайдың болашағын жарқын, ал дамуын баянды етуде мызғымас негіз болатынына нық сенімдімін. Қазақстан мен Қытай арасындағы тығыз байланыстардың ауқымы жылдан жылға кеңейіп келе жатқанын аса ризашылықпен атап өтемін. Осы жетістіктеріміз Сіздің қосып отырған сүбелі үлесіңіз бен жеке қолдауыңыздың нәтижесі деп білемін. Былтыр қыркүйекте Қазақстанға жасаған нәтижелі сапарыңыз ықпалдастығымыздың келесі «30 жылдық алтын дәуіріне» жол ашқаны ерекше қуантады», – деп жазылған жеделхатта.
Орталық коммуникациялар қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Аманат арқалаған азамат
- 6 желтоқсан, 2025
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




