Жамбылда жас ана мерзімінен бұрын босатылды
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде жазасын өтеген азаматша босатылды. Сот үкімімен оның жазасының өтелмеген бөлігі жаза өтеудің неғұрлым жеңіл түріне ауыстырылды. 1998 жылғы жас келіншек ҚР Қылмыстық Кодексінің 190 бабының 3 бөлігі 4 тармағына сай кінәлі деп танылып, 2021 жылы абақтыға қамалған. Бүгінде оның 1,5 айлық сәбиі бар. ҚАЖ қызметкерлері мерзімінен бұрын еркіндікке шыққан жас ананы шығарып салу барысында оның алдағы өміріне сәттілік тілеп, қайта қылмысқа бармауын қатаң ескертті.
Айта кетейік, жас ананың құндақтағы сәбиінің денсаулығы бұған дейін түзеу мекемесіндегі медициналық бөлім қызметкерлерінің бақылауында болған еді.
Ұқсас жаңалықтар
Дропперліктен аулақ бол!
- 6 желтоқсан, 2025
Тараптар арасындағы дау медиациямен шешіледі
- 6 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




