Қыз сыры
Көктем-кеудем айналып күзге менің,
Көзмоншағын күніге жүз төгемін. Ішім от боп жанады, неғылайын, Жұрттың мақтап «ибалы қыз» дегенін.
Бойға жиып бар күшті батылданып, Сезімімді айтсам ба жақын барып. Сүйетінін алдымен айта алмайтын, Қыздар неткен, япыр-ай, «пақыр халық».
Айыптай берсін мені айыптаған, (Олар үшін бұл жұмбақ жай ұқпаған) Заңдылықты бұзсам да, бірінші боп, Саған барып «сүйем» деп қойып қалам.
Көңіл ғой – бұл қылатын сол сәтті аңыз, (Бекер, бәрі болады сол шақта күш) Өлсе-дағы жібермес өзің жаққа, Қырық үй боп тыятын қырсық намыс.
Сәулеш ШӘТЕНОВА.
Ұқсас жаңалықтар
Қазіргі қазақ прозасы не айтқысы келеді?
- 4 желтоқсан, 2025
Қазақ өлеңіне қолдау мен құрмет
- 1 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




