Жақында облыс бойынша департаменттің әскери қызметшілері Жамбыл ауданының Бесағаш ауылында заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастыруға қатысы бар азаматты ұстады. Ұсталған азамат 23 қаңтарда Бесағаш шекара бөлімшесінің учаскесінен мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтпек болған тұлғаларға көмектескен. Ол процессуалды шешім қабылдап, жауапкершілікке тарту мақсатында аудандық полиция бөліміне тапсырылды.
Сондай-ақ, әскери қызметшілер Қордай ауданындағы «Ауқатты» автомобильдік өткізу пунктінде Қазақстан аумағына жүктер арасында жасырылған шамамен 5500 дана «Oris» және «Bond» маркалы темекілерін заңсыз алып өту әрекетінің жолын кесті. Олардың құны шамамен 2 миллион 800 мың теңгені құрайды. Анықталған тауар шешім қабылдау үшін Қордай аудандық мемлекеттік кірістер басқармасына өткізілді.
Өткен айда Жамбыл ауданы бойынша шекара басқармасының әскери қызметшілері және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті мен полиция бөлімі қызметкерлерінен құралған топ жедел ақпаратты жүзеге асыру аясында Тараз қаласында іздестіруде жүрген азаматты ұстады. Ұсталған азаматтың жыртқыш құстардың сирек кездесетін түрі – 9 ителгіні мемлекеттік шекарадан заңсыз өткізу фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іске қатысы бар екендігі анықталып, Жамбыл ауданының полиция бөліміне тапсырылды.
«Aq jol»-Aqparat».
Ұқсас жаңалықтар
Өндірістегі жазатайым оқиға: әділдік пен заң талаптары
- 12 наурыз, 2026
Үйді тонаған ұры емес, өзі болғаны ма?...
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




