Техниканың қарқынды дамығаны соншалық, өмірімізге бітеқайнасып кетті. Компьютерге, көгілдір экранға телмірусіз күніміз өтпейтін болды. Рас, заманауи технологиялардың тілін білу, оларды меңгеру қажет-ақ. Алайда, оның соңына түсіп, шамадан тыс пайдалану қаншалықты маңызды? Балалар компьютерге әуестенсе, үлкендер жағы көгілдір экранға телміріп алып, түрлі телехикаяны тамашалауды өмірінің басты бөлшегіне айналдырып барады...
Қазақ халқында өмірді «қамшының сабындай қысқа», «бес күндік жалған дүние» деген сияқты теңеулермен айтып жатады. Бұл осы өмірдің маңызын соншалықты түсінуге, уақытты құр өткізбеуге, бос жүрмеуге, пайдалы, мәні бар іспен айналысуға шақырса керек. Ал тәулігіне берілетін астрономиялық уақыт жиырма төрт сағат десек, оның үштен бірі онсыз да ұйқымен кетеді. Келесі бөлігі жұмысқа арналады. Үшінші бөлігі ғана бізге тиесілі екен. Оны қалай өткізіп жүрміз? Бар мәселе осында. Әсіресе, әйелдер үшін күнделікті үйдің шаруасы шаш-етектен. Осылардың арасында экранға үңіліп, телехикая тамашалау деген бар. Кейбір замандастарымыз өзі көріп жүрген телехикаяның оқиғасына дендеп еніп кеткені соншалық, сондағы кейіпкерлермен бірге күліп, бірге жылайтынды шығарды. Ондайда, отбасы, бала-шаға, отағасы деген сіздің айналаңыздағы баға жетпес байлығыңыз еріксіз ысырылып қалады. Жалпы, әйелдер табиғатынан еліктегіш келеді деген пікір бар. Осы тұрғыдан алғанда қазіргі әйелдердің иесі ері емес, экран болып бара жатыр ма деген ойға қалып қынжыласың. Бірде жасы егде тартқан ананың үйдегі келінінің телехикаяларға «тәуелді» болғаны соншалық, бір телехикаяның соңғы көрсетілімі үшін ағайын-туыстың үлкен қуанышына барудан бас тартып, күйеуімен ұрысқанын қынжыла отырып айтқанын естіп жағамды ұстадым. Отбасының киесі болады деп отырған аналарымыз телехикаяға «тәуелді» болып, ерінің жағдайын жасамай, бала тәрбиесін қожыратып, отбасындағы береке мен бірліктің шырқын өздері бұзып жүр. Әйелдің иесі ері ме, экран ба? Сіздер бұған не дейсіздер, замандастар?
Перизат Жорабекқызы, ТарМПИ-дың оқытушысы.
Ұқсас жаңалықтар
Атқарылған іс – арқалаған сенімді ақтайды
- 21 қараша, 2024
Облыс әкімі азаматтарды қабылдады
- 21 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді