Ауыл тұрғындары дән риза
Біз, Байзақ ауданы, Талас стансасының, Ақбұлым ауылының тұрғындары, Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің облыс бойынша аумақтық департаментінің басшысы Айдар Қуатбековке, бөлім басшысы Төкен Көшербекұлына ауыл тұрғындарының арызы бойынша оң шешім қабылданғанына алғыс айтқымыз келеді. Өз жұмыстарына адал көзқарастың арқасында ауылымызды электр энергиясымен жабдықтауда бірталай мәселелер шешілгенін атап айтқымыз келеді. Өткен жылдың маусым айынан бастап «Теміржолэнерго» ЖШС электрмен жабдықтау ұйымының қайта құрылуына байланысты, ауыл тұрғындарын «Энергопромтехно» ЖШС-на ауыстырған болатын. Оның электр энергиясының тарифі бұрынғыдан әлдеқайда қымбат, 1 кВт үшін 26,76 теңге болып шықты.
Сол кезден бастап біздің ауыл тұрғындары түрлі келеңсіздікті бастан кешіре бастады, «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясының» «Жамбыл магистральдық желі филиалы», «Жамбыл электр жүйесі» ЖШС-ның, «ЖамбылЖарықСауда-2030» ЖШС-ның, «Энергопромтехно» ЖШС-ның, антимонополия департаментінің, басқа да мекемелердің табалдырықтарын тоздырдық.
Ауыл тұрғындарының «ЖамбылЖарықСауда-2030» ЖШС-на көшуіне департамент басшылығы үлкен көмек көрсетті, сонымен қатар, ауылымыздың электр желілерін теміржол мекемесі есебінен жөндеуге оң ықпал етіп, бұрынғы сығырайған жарықтан құтылдық. Қазіргі таңда тұтынылған электр энергиясына 1 кВт үшін 15,05 теңгеден төлейміз және де электр қуаты сапасы да тұрақтанды.
Өз ісінің мамандарына Талас стансасының, Ақбұлым ауылының барша тұрғындары атынан алғысымызды білдіреміз, өз ісіне сауатты көзқараспен, жауапкершілікпен қарайтын мамандар екендіктерін іс жүзінде дәлелдеді, сондай-ақ біздің осы ісімізге атсалысқан мекеменің басқа қызметкерлеріне де алғысымыз шексіз.
Талас, Ақбұлым ауылдары тұрғындары атынан
Е.Ажибаев, К.Тукпетова, Е.Дмитриченко, О.Кривошеева, К.Тугулбаев.
Ұқсас жаңалықтар
Қазіргі қазақ прозасы не айтқысы келеді?
- 4 желтоқсан, 2025
Қазақ өлеңіне қолдау мен құрмет
- 1 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




