Қарақшылық шабуыл жасаған
Жамбыл аудандық полиция бөліміне қарақшылық шабуыл дерегі бойынша Тараздың 27 және 37 жастағы тұрғындары өтініш білдірді. Олардың айтуынша, «Тараз-Қаратау» тасжолында нөмірлері жоқ «Lada Priora» маркалы автокөлікпен үш белгісіз адам пышақ тәрізді затты қолдану арқылы күш көрсетiп, 900 мың теңгесін ұрлап кеткен. Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері 21, 22 және 24 жастағы күдіктілерді ұстады. Тінту барысында олардан 794 мың теңге қолма-қол ақша алынды. Күдіктілердің айтуынша, олар шабуылды алдын ала жоспарлаған. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 192-бабы, 2-бөлігімен (қарақшылық) сотқа дейінгі тергеу басталды. Бапқа сәйкес мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қолданылады.
Облыстық полиция департаментінің мәліметі бойынша дайындаған
Жүрсінгүл ЖАҚЫП.
Ұқсас жаңалықтар
Таразда 16 ойын-сауық орнының иесі жауапкершілікке тартылды
- 3 наурыз, 2026
Луговой жылқы зауыты: Әбіқаев пен Базаралиев соттасып жатыр
- 3 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




