Қоқысты жолға лақтырған
Шу аудандық полиция қызметкерлері қалалық әкімдікпен бірлесіп, рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінің пайда болуына жол бермеу, тәртіп бұзушыларды жауапкершілікке тарту бойынша жұмыстарды жүзеге асыруда. Осы мақсатта бейнебақылау камералары арқылы мониторинг жүргізу барысында қоқысты белгіленбеген орынға қалдырған тұрғын анықталды. Ол қоқыс қапшығын жол жиегiне тастай салған. Полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде жергілікті тұрғын анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тұрғын өз кінәсін мойындап, құқық бұзушылықтың салдарын жойды. Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 2-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды.
Облыстық полиция департаментінің мәліметі бойынша дайындаған
Жүрсінгүл ЖАҚЫП.
Ұқсас жаңалықтар
Өндірістегі жазатайым оқиға: әділдік пен заң талаптары
- 12 наурыз, 2026
Үйді тонаған ұры емес, өзі болғаны ма?...
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




