Заңға бағынбаған жүргізуші жауапқа тартылды
Таразда жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы жол ережесін өрескел бұзған «Lexus LX 470» маркалы автокөлігі байқалған. Патрульдік полиция батальоны қызметкерлері берiлген арнайы бағыттамаға сәйкес аталған көлікті анықтап, тоқтатпақ болды. Алайда, жүргізушi ескертуге қарамай, қала көшелерімен қашып, нәтижесінде алысқа кетпейтінін түсініп, тоқтаған. Сол кезде автокөлікте болған жолаушы өздігімен полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетіп, қашып кетіп, кейіннен көшенiң бойында ұсталды. Автокөлік жүргізушісі 40 жастағы Маңғыстау облысының тұрғыны екендігі анықталды.
Аталған тұлғалар ҚР ӘҚБтК-нің 613-бабы, 1-тармағымен (ішкі істер (полиция), көліктік бақылау органдары қызметкерінің талаптарын орындамау) әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен аталған құқықбұзушылық үшін қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не үш тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу қарастырылады.
Облыстық полиция департаментінің мәліметі бойынша дайындаған Жүрсінгүл ЖАҚЫП
Ұқсас жаңалықтар
Таразда 16 ойын-сауық орнының иесі жауапкершілікке тартылды
- 3 наурыз, 2026
Луговой жылқы зауыты: Әбіқаев пен Базаралиев соттасып жатыр
- 3 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




