Қарапайым жұмысшыларға алғыс айтты
1 наурыз – Алғыс айту күні. Бұл күн еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет көрсететін күні. Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында ел басқарған азаматтармен қатар қарапайым қызметкерлердің өзіндік үлесі бар. Олардың қатарында ұлағатты ұстаздар, ақ халатты абзал жандар, құқық қорғау органдары мен әскери сала қызметкерлері, меценаттар, кәсіпкерлер мен қайырымды жандар және волонтерлер бар.
Өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінің басшы және жеке құрам қызметкерлері айтулы мереке қарсаңында қаламыздың таза болуына айрықша үлесін қосып жүрген қарапайым жұмысшыларды құрметке бөледі. Нақтылай түссек, ҚАЖ қызметкерлері «Жасыл Ел - Тараздың» қызметкерлеріне таңғы ас дайындап, оларға ыстық кофе мен тәтті бәліштер ұсынды. Осылайша, тәртіп сақшылары тазалық қызметкерлеріне шаһар тұрғындарының атынан алғыс айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Айта кетейік, №26 түзеу мекемесінің барша қызметкерлері кез келген мереке мен игі істерде үнемі алдыңғы шептен табылады.
Өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінің басшы және жеке құрам қызметкерлері айтулы мереке қарсаңында қаламыздың таза болуына айрықша үлесін қосып жүрген қарапайым жұмысшыларды құрметке бөледі. Нақтылай түссек, ҚАЖ қызметкерлері «Жасыл Ел - Тараздың» қызметкерлеріне таңғы ас дайындап, оларға ыстық кофе мен тәтті бәліштер ұсынды. Осылайша, тәртіп сақшылары тазалық қызметкерлеріне шаһар тұрғындарының атынан алғыс айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Айта кетейік, №26 түзеу мекемесінің барша қызметкерлері кез келген мереке мен игі істерде үнемі алдыңғы шептен табылады.Ұқсас жаңалықтар
Baytaq партиясының пленарлық отырысы өтті
- 4 ақпан, 2026
11 бөлім, 95 бап: Жаңа Ата Заңның жобасы жарияланды
- 31 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




