
Басты мақсат - қоғамға бейімдеу
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба» тақырыбында семинар-кеңес өтті. Басқосуға мекеме бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Бақтияр Оңбаев, жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы, полиция капитаны Қ.Әлішер, Жамбыл аудандық пробация қызметінің инспекторы, әділет лейтенанты Ә.Құдайбергенұлы, Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Тараз қалалық қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталығының» әлеуметтік қызмет көрсету маманы И.Досболова мен Тараз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының жетекші маманы М.Әмреев және мекемедегі жазасын өтеуші азаматтар қатысты. Басқосу барысында спикерлер аталған жобаның барлық бағыттарына кеңінен тоқталып, нақты мағлұматтар берді. Айта кетейік, дәл осы шеңберінде кез келген азамат өз кәсібін ашуға мүмкіндік алады. Тіпті, темір тордың арғы жағындағы азаматтар да еркін өмірге қадам басқан соң осы жобаның жемісін көруіне мүмкіндігі бар.
Ұқсас жаңалықтар
Жезқазғанда балаға қол көтерген тәрбиеші істі болды
- 23 сәуір, 2025
Ауданда қылмыс саны азайған
- 29 наурыз, 2025
Ақпарат
Тоқаев Ассамблея отырысында тіл мәселесін қозғады
- 24 сәуір, 2025
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді